Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шырлы жасуша"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Шырлы жасуша (тучные клетки, тканевые базофилы) — талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасында кездесетін ұлпа базофилі. Құрылысы жағынан шырлы жасуша базофилді лейкоцитке ұқсас, пішіні дөңгелек не сопақ келген, цитоплазмасында көкшіл түске боялған дәншелер болады. Шырлы жасуша — гепарин, серотонин, гистамин, дофамин және т.б. заттар түзеді. Гепарин қанның үюын төмендетіп, қабыну процесіне қарсы әсер етеді. Гистамин гепаринге онтогонист (қарама-қарсы), капиллярлар қабырғаларының өткізгіштігін күшейтіп, макрофагтардың белсенділіген арттырады. Шырлы жасуша плазмолеммасында көптеген иммуноглобулиндер болады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>