Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Олиготрофты батпақ"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Олиготрофты батпақ (Олиготрофное болото, верховое болото; oligos — азғантай, шамалы, trophe — қорек, қоректену) — минералдық қоректер аз (жоғарғы қабатының күлге айналуы < 4 %) беткейлік батпақ. Әдетте, ыза суларымен байланысы жоқ және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Олиготрофты батпаққа тән сипат — ол сфагналық мүктердің тұтас жамылғысы. Олиготрофты батпақ беті шығыңқы сипатта, орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7—8 м-ге көтеріңкі келеді. Олиготрофты батпақтарға тән өсімдіктер: көкбұта, қазанақ, көкжидек, мүкжидек және т.б.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Дереккөздер
<references/>