Олиготрофты батпақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Олиготрофты батпақ (Олиготрофное болото, верховое болото; oligos — азғантай, шамалы, trophe — қорек, қоректену) — минералдық қоректер аз (жоғарғы қабатының күлге айналуы < 4 %) беткейлік батпақ. Әдетте, ыза суларымен байланысы жоқ және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Олиготрофты батпаққа тән сипат — ол сфагналық мүктердің тұтас жамылғысы. Олиготрофты батпақ беті шығыңқы сипатта, орталық бөлігі шеттеріне қарағанда 7—8 м-ге көтеріңкі келеді. Олиготрофты батпақтарға тән өсімдіктер: көкбұта, қазанақ, көкжидек, мүкжидек және т.б.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub