Мүкжидек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мүкжидек (Oxycoccus) – қаражидектер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта. Қазақстанда батпақты жерлерде өсетін 2 түрі: кәдімгі (төрткүлте) Мүкжидек (Oxycoccus quadrіpetalus) және ұсақжемісті Мүкжидек (Oxycoccus mіcrocarpus) бар. Оның жіп тәрізді жіңішке тармақтарының ұзындығы 75 – 80 см-дей, жапырақтары майда, сопақша немесе дөңгелек, қалың шырынды болады. Қызғылт түсті гүлдері (саны 2 – 4) шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шырынды, қышқыл дәмі бар жидек. Ол алғашқыда ақ болады да, кейін қызарады. Жемісінің құрамында лимон, қант, пектин заттары, минерал тұздар, С витамині бар. Жемісі жеуге жарамды және медицинада пайдаланылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Мүкжидек квасы

Мүкжидекті жуып, жентектен, оған су құйып қайнатады да сүзеді. Сонан соң алынған тұнбаға қант қосып қайтадан қайнатады да, суытады, (тұнба шамалы жылу үшін). Содан кейін ашытқы салып, араластырып, бір тәулік қояды. Шөлмекке немесе банкаға құйыл, салқын жерде сақтайды. 2—3 күннен кейін квас әзір болады. 800 г мүк жидегіне: 350—400 г құмшекер, 40 г ашытқы керек.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мүкжидек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}