Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәметкен Медіханқызы Төреқұлова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Дәметкен Медіханқызы Төреқұлова — экономика ғылымының докторы (2008), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1964 жылы 6 желтоқсанда Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1987, қазіргі Нархоз университеті) бітірген.
1987-91 жылдары Алматы энергетикалық институтында, 1991-97 жылдары "Алатау" ЖШС-де экономист, бухгалтер, бас бухгалтер, 1998-2008 жылдары Ақтау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан, Экономика және құқық институтының директоры, 2008-09 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде кафедра меңгерушісі, 2009-2022 жылдары Қазақ экономика, қаржы халықаралық сауда университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2022 жылдан "Esil University" мекемесінің оқу және ғылым жөніндегі проректоры.<ref>Даметкен Медихановна.</ref>
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Устойчивое развитие рыбохозяйственного комплекса РК" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
69 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы грантының иегері (2014);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2017);
- "Қазақстанның құрметті профессоры" төсбелгісі (2020);
- "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2022).