Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жекешағыл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(2 қатысушының арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

ЖЕКЕШАҒЫЛАрғанаты тауының оңтүстік-шығысы мен Арқарлы тауының солтүстік бөлігінде орналасқан құмды алқап. Алматы облысы Алакөл ауданында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 11 км. Аумағы 86 км². Жер асты суының 3 – 5 м тереңдіктегі минералдылығы әр түрлі. Маңында Белсексеуіл, Тауқұм, Қарақұм, Сарықұм құмдары бар. Құм төбешіктерінде жусан, еркек шөп, сексеуіл, т.б. бұталы ағаштар өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub