Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жабысай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: {{KZ}} → {{KAZ}} using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен Жабысай, ЖауылдыЫрғыз өзені мен Шалқар көлі аралығындағы тұйық алаптық өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 2380 км2.

Бастауы

Қарашолақ тауының солтүстік етегінен басталып, Тентексор ойысына, ал суы мол жылдары Мелдекөлге құяды. Ұштасып жатқан шағын көлдер, сор ойпаңдар және өзектер арқылы Ырғыз жайылмасымен байланысқан.

Гидрологиясы

Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз, жағасы жайпақ. Салалары - Текелі, Талдысай. Жылдық орташа су ағыны 0,14 м3/с. Жаз ортасында тартылып, қарасуларға бөлінеді. Суын мал ішеді, жайылмасы — малға жайылым.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер