Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Олег Сергеевич Герштанский"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 0 sources and tagging 1 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға Олег Сергеевич Герштанский (21 қыркүйек 1952 жыл, Моршанск, Тамбов облысы1 наурыз 2025 жыл, Атырау) — қазақстандық мұнай-газ саласының қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, АО «НИПИнефтегаз» институтының негізін қалаушы және алғашқы бас директоры.

Өмірбаяны

Герштанский 1952 жылғы 21 қыркүйекте Кеңестік Ресейдің Тамбов облысы, Моршанск қаласында дүниеге келген.

Білімі

1978 жылы Герштанский Алматы қаласындағы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) «Тау-кен инженері-геофизик» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

1990 жылы ол Мәскеудегі Бүкілодақтық мұнай ғылыми-зерттеу институтына оқуға түсіп, 1992 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2005 жылы ол «Қазақстанның көпқабатты кен орындарын игерудің соңғы кезеңінде жоғары парафинді мұнай өндіруді қарқындату» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, техника ғылымдарының докторы атанды.

Еңбек жолы

1978–1979 жылдары Герштанский «ҚазНИПИнефть» ғылыми-зерттеу және жобалау институтында инженер-геофизик болып еңбек етті. Осы кезеңде ол Өзен кен орны бойынша өндірістік-геофизикалық зерттеулер нәтижелерін талдап, ұңғымалардың өнімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірледі.<ref>https://satbayev.university/ru/alumni/gershtanskiy-oleg-sergeevich?ysclid=mgylbsvwdj973394247</ref>

1980–1994 жылдары ол — «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасында бас геолог, кейін бас инженердің орынбасары лауазымдарын атқарды. Ол Өзен, Қарамандыбас және Теңге кен орындарының геологиялық және технологиялық қызметтерін басқарды, мұнай мен газ өндірудің тиімді әдістерін енгізді. Осы жылдары екі мұнай кен орнын және бір емдік минералды су көзін алғаш ашқан Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушысы атанды.

1994–1997 жылдары ол «ҚазНИПИнефть» (кейінгі «НИПИмунайгаз») ғылыми-зерттеу және жобалау институтын басқарды.

1997 жылдан бастап ол — өзінің бастамасымен құрылған «НИПИнефтегаз» акционерлік қоғамының бас директоры әрі құрылтайшысы болды. Оның басшылығымен Қазақстандағы ең ірі және стратегиялық маңызы бар жобалар іске асырылды, соның ішінде:

  • Қарашығанақ кен орнының «Кен орнын игерудің техникалық-экономикалық негіздемесі», «Мұнай, газ және конденсат қорының қайта есептелуі», «Кен орнын игерудің технологиялық сызбасы»;
  • Королевское және Теңіз кен орындарын дамыту жобалары;
  • Қашаған кен орнының кешенді талдаулары мен жобалық шешімдері.

Сонымен қатар, оның басшылығымен жерүсті және теңіз нысандарын игеру, мұнай мен газды тасымалдау және дайындау, экологиялық және инженерлік зерттеу бағыттары бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылды, атап айтқанда:

  • «Баутино кентіндегі теңіз кемелерін отынмен жабдықтау станциясы»,
  • «Ақтау пластмасса зауытында жол битумдарын өндіру»,
  • «Чинарев кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы (УКПГ-3)»,
  • «Қызылорда облысындағы кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы».

Ғылыми еңбектері мен жетістіктері

Оның жетекшілігімен Қазақстандағы ең ірі кен орындарының жобалық құжаттары әзірленді:

  • Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының ТЭН және қорларды қайта есептеу жобалары;
  • Теңіз, Королев және Қашаған кен орындарын игеру бойынша технологиялық схемалар;
  • Мұнай-газ кен орындарын жер үстінде және теңізде орналастыру, инженерлік ізденістер мен инжинирингтік қызметтер жобалары.

Герштанскийдің ғылыми және өндірістік мұрасына 100-ден астам ғылыми мақала, 82 өнертабысы және 5 монографиясы кіреді. Олег Сергеевичтің еңбектері Қазақстанның мұнай-газ ғылымы мен өндірісін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, өз тәжірибесімен бөлісіп отырды.<ref>https://www.lada.kz/aktau_news/society/135439-skonchalsia-pervootkryvatel-mestorozhdenii-nefti-v-mangistau.html?key=ASdSADASD123FSFASF986njiQWE&ysclid=mgylcwpo7e965690716Үлгі:Deadlink</ref>

Герштанский О.С. Каспий маңы аймағының қалдық аномалияларын картаға түсіру (геофизикалық әдістер, 1970)

Герштанский О.С. Қазақстанның көп қабатты кен орындарын игерудің кеш сатысында Жоғары парафинді мұнай өндіруді қарқындату. Техника ғылымдарының докторы диссертациясының авторефераты / ВНИИнефть. Мәскеу, 2005.<ref>https://rusneb.ru/catalog/000200_000018_RU_NLR_bibl_826552/?ysclid=mgyljs5eze634545557</ref>

Қоғамдық және кәсіби қызметі

Қазақстан мұнайшылары-геологтар қоғамының (KONG) мүшесі, «Kazenergy» қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ҚР пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі Орталық комиссиясының (ЦКРР) құрамында болған.

Ол өз өмірін жас геологтар мен инженерлерді даярлауға, кәсіби мектеп қалыптастыруға арнады. Оның шәкірттері бүгінде Қазақстан мен шетелдің жетекші мұнай компанияларында еңбек етуде.

Марапаттары

  • Ерен еңбегі үшін медалі (2001)
  • «ПетроКазахстан» АҚ президентінің алғыс хаты мен Құрмет грамотасы (Кумколь–Жусалы мұнай құбырының құрылысына қатысқаны үшін, 2003)
  • «Маңғыстау мұнайына 50 жыл» мерекелік белгісі (ҚМГ президенті Қ. Қабылдин және облыс әкімі Қ. Көшербаевтың шешімімен, 2011)
  • Құрмет ордені (Қазақстан президентінің жарлығы, 5 желтоқсан 2012)
  • «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалі (2019)
  • «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі (2019).
  • «Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы» атағы (2023)<ref>https://kong.kz/events/luchshie-geologi.</ref>
  • Парасат ордені (2024)<ref>https://elordainfo.kz/ar-turli/olzhas-bektenov-m-nay-gaz-salasyny-yzmetkerlerin-marapattady</ref>
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы» атағы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер