Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Табақкеңтатыр аңғары"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Аңғар Табақкеңтатыр аңғары – Балқаш көлінің солтүстігіндегі Тоқырау өзені мен Қалмақеміл, Түлкілі шоқылы таулары аралығында жатқан жазық аңғар.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 км-ге созылған, енді жері 80 – 85 км, теңіз деңгейінен ең биік жері 884 м (Елтайқора тауы). Ауданы 10,8 мың км2. Жер бедері негізінен жазық, кейбір жерлерінде ұсақ шоқылы таулар (Үлкен Табаққалған, Қазық, Көкбайтал, Итмұрынды, т.б.) кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашыннан шағын өзендер (Еспе, Ащыөзек, Тоқырау, т.б.) пайда болады.
Өсімдігі
Құнарсыз келген сортаңды қиыршықтасты сұр топырағында шөлге тән баялыш, теріскен, бұйырғын, қара жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>