Табақкеңтатыр аңғары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Аңғар Табақкеңтатыр аңғарыБалқаш көлінің солтүстігіндегі Тоқырау өзені мен Қалмақеміл, Түлкілі шоқылы таулары аралығында жатқан жазық аңғар.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 км-ге созылған, енді жері 80 – 85 км, теңіз деңгейінен ең биік жері 884 м (Елтайқора тауы). Ауданы 10,8 мың км2. Жер бедері негізінен жазық, кейбір жерлерінде ұсақ шоқылы таулар (Үлкен Табаққалған, Қазық, Көкбайтал, Итмұрынды, т.б.) кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашыннан шағын өзендер (Еспе, Ащыөзек, Тоқырау, т.б.) пайда болады.

Өсімдігі

Құнарсыз келген сортаңды қиыршықтасты сұр топырағында шөлге тән баялыш, теріскен, бұйырғын, қара жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер