Ащыөзек (Балқаш алабы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Ащыөзек Балқаш алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысы Аягөз және Қарағанды облысы Ақтоғай аудандары жерінде. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 8600 км2.

Бастауы

Балқаш көлінің солтүстігіндегі Қалмақеміл, Түлкілі тауларындағы бұлақ, қайнарлардан (110-нан астам) басталып, Тұрламбек бейітінің солтүстік-батысында 8 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы

Арнасы тар, көктемгі қар суы кезінде ағысы байқалады. Жаздың ыстық айларында арнасы құрғап қалады. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Өзен мал суаруға, жайылмасы қысқы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер