Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев"
(сөз қостым) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев (11 сәуір 1980 жыл, Қызылорда) — қазақстандық экономист, саясаткер және тұтқын, 2016 жылы бірнеше ай бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымында болған, экономика ғылымдарының кандидаты.
2023 жылғы қарашада оны әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартты. Сәуір айында сот үдерісі барысында ол өз кәнісін мойындады.<ref>Бишімбаев кінәсін мойындады</ref> 13 мамыр күні сот оны 24 жыл түрмеге кесті.<ref>Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды</ref>
Мазмұны
Жастық шағы және білімі
Қуандық Бишімбаев 1980 жылғы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Дулат тайпасы Шымыр руы Темір бөлімінен шыққан.<ref>https://www.tiktok.com/@dosonalbaeb/video/7357057087307812102?_t=8lTzfw2WrdV&_r=1</ref> <ref>Үлгі:Кітап</ref>
- 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
- 2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
- 2001 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон университетінің бизнес-әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
Мансабы
- Еңбек жолын 2001 жылы "Қазақстан даму банкі" АҚ бас менеджері болып бастаған.
- 2002–2003 жылдары ол — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары.
- 2003–2004 жылдары — "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
- 2004–2005 жылдары — "Маркетингтік және аналитикалық зерттеу орталығы" АҚ басқарма бастығының орынбасары, басқарма мүшесі.
- 2005 жылы — "Ордабасы" корпорациясы" АҚ вице-перезиденті, "Интеркомшина" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
- 2005–2006 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі.
- 2006–2007 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің "Сауда саясатын дамыту оратылығы" АҚ президенті.
- 2007 жылы — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің орынбасары.
- 2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметітк-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
- 2008–2009 жылдары — "Арна Медиа" Ұлттық ақпарат холдингі" АҚ басқармасының төрағасы.
- 2009–2010 жылдары — Қазақстан президентінің көмекшісі.
- 2010–2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары.
- 2011–2013 жылдары — "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
- 2012 жылғы 13 наурыздан — "Қазақстан Даму Банкі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2013 жылғы 30 мамырдан — "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқармасының төрағасы.
- 2014 жылғы сәуірден — "Қазақстан Даму Банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы
- 2015 жылғы наурыздан — "Болашақ" ассоциациясы кеңесінің төрағасы.
- 2016 жылғы 6 мамыр мен сол жылғы 28 желтоқсан аралығында — Ұлттық экономика министрі.<ref>Бишимбаев Куандык Валиханович</ref>
Жеке өмірі
- Атасы: Қозыке Бишімбайұлы Бишімбаев
- Әкесі: Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев екі рет неке қиған. Тұңғыш әйелі Назым Қаһарманқызы Қаһармановамен некесі 14 жыл бойы созылды, олар 2020 жылғы 5 қазанда, күйеуінің түрмеден шыққанынан кейін ресми түрде ажырасты, екеуінің үш баласы бар.<ref name="nazim">Үлгі:Cite web</ref> Бірінші некесінен кейін ол 1992 жылы туған<ref name="zakonkz">Үлгі:Cite web</ref> Салтанат Амангелдіқызы Нүкеноваға үйленген.
Бишімбаевтың жалпы төрт баласы, үш ұл, бір қызы бар.<ref name="beknazar" />
Тұтқынға алынуы
Жемқорлық үшін тұтқынға алынуы
2017 жылғы 10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бишімбаевты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алғаны үшін ұстады.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 12 қаңтар күні оны сол себеппен тұтқынға алды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2018 жылғы 14 наурызда<ref name="lishonsvobody">Үлгі:Cite web</ref> Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрғанда Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген қаржыдан бір миллиард теңге жымқырған деп айыппен<ref name="azattiq" /> Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылғант соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, 4-бөлігінің 2-тармағымен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны өмір бойына басшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды.<ref name="lishonsvobody" />
2018 жылғы 28 желтоқсанда Түркістан облысы Төлеби аудандық соты Қуандық Бишімбаевтың қамауда ұстау шарттарын жеңілдету туралы өтінішін ішінара қанағаттандырып, жалпы режимдегі колонияда өтеуді ұйғарды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2019 жылғы 25 қыркүйекте Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты, Шымкенттің Абай аудандық соты экс-министрді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
Салтанат Нүкенованы өлтіргені
Үлгі:Толық мақала Салтанат Амангелдіқызы Нүкенова (15 мамыр 1992 жыл – 9 қараша 2023 жыл, Астана)<ref name="azattiq" /> — Бишімбаевтың екінші<ref name="zakonkz" /> әйелі, Астананың Достық көшесінің бойындағы<ref name="beknazar">Үлгі:Cite web</ref> "Бау" мейрамханасында күйеуі басынан қатты соқты да,<ref name="nikiforyak" /> нәтижесінде жедел жәрдем жетпей тұра<ref name="nazim" /> ол көз жұмған. Өлтірушілік орын алған күні Бишімбаевтың ұсталғаны<ref name="azattiq" /> және адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Камералардан табылған ақпарат бойынша, Бишімбаев өз әйелін 8 сағат бойы ұрып-соққан. <ref name="beknazar" />
Бишімбаевтың тұңғыш әйелі, Назым Қаһарманова,<ref name="zakonkz" /> орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.<ref name="nazim" />
11 қазан күні мамандар гастробардағы күзет камераларынан жойылған видеоларды қайтарып ала алғаны белгілі болды. Видеоларда Бишімбаевтың сағат 7:00-де әйелін ұрып соққаны табылды. Бишімбаевтың інісі берген мазмұндамасы камераларда табылған видеолармен сәйкес келді, оның сөзінше ол гастробарда «ұйықтап жатқан» Нүкенованың сағат 16:40-та пульсін тексерген кезде оның өмірден озғанын білді. Нүкенованы 9 қараша күні ешкім көрмегені белгілі және сарапшылар мәліметінше денесінде пышақтау іздері жоқ, болжам бойынша, басына моқал затпен қатты соққы тиюі оның өліміне әкелді.<ref name="nikiforyak">Үлгі:Cite web</ref>
11 қараша күні Павлодарда Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі өтті. Ол Мәшһүр Жүсіп мешітінде орын алды, туыстары және достары қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол күні Бишімбаевтың екі айға қамалғаны белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевты «элитарлық және тоталитарлық паразит»ке теңеп, оны түрмеге отырғызудың бүкіл Қазақстан үшін маңыздылығын айтты.<ref>Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, онда елде болашақ жоқ деген сөз!</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан вице-министрлері
- Қазақстан экономика министрлері
- Қазақстан тұтқындары
- Жаңа экономикалық университеті түлектері
- Джордж Вашингтон университеті түлектері
- Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті түлектері
- Кешірім алған қылмыскерлер
- Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық
- Қазақстан қылмыскерлері
- Қазақстан өлтірушілері