Арна Медиа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арна Медиа — ұлттық ақпараттық холдингі акционерлік қоғамы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

ҚР Үкіметінің 2008 жылы 3 шілдедегі №668 "Арна Медиа" Ұлттық ақпараттық холдингін, "Ұлттық ғылыми технологиялық "Парасат" холдингін, "Ұлттық Зерде" ақпараттық-коммуникациялық холдингін құру туралы қаулысын орындау бойынша құрылды. Құкықтық мәртебесі: ұлттық холдинг. Қызметі: заңды тұлғаларды акциялар пакеттерін (қатысу үлесі) басқару, ҚР ақпараттық кеңістіктің бәсекелік қабілетін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.

"Арна Медиа - Ұлттық ақпараттық холдингі"-нің құрамына кіретін компаниялар: "Қазақстандық телекоммуникациялар" (КАТЕЛКО), "Қазтелерадио" АҚ, "Хабар" агенттігі АҚ, "Қазақстан" РТРК АҚ, "Егемен Қазақстан" респубикалық газеті АҚ, "Казахстанская правда" респубикалық газеті АҚ, "Қазақ ақпараттық агенттігі" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Жас өркен" ЖШС, "Қазақ газеттері" ЖШС, "Arna Media Production" ЖШС, "Arna Media Services" ЖШС. Бірден-бір акционері: ҚР Үкіметі.

"Арна Медиа - Ұлттық ақпараттық холдингі" басқармасының мүшелері: Байжанов Ерлан Баскарманың төрағасы, Сұлтанғазин Әнуарбек Басқарманың мүшесі (Басқарма төрағасының орынбасары), Жанақанов Қайсар Басқармасының мүшесі (Басқарма төрағасының орынбасары). Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы 18. Байланыс тел: 8 (7172) -97-43-26, 97-43-01.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}