Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ләззат Мұратқызы Танысбай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ләззат Мұратқызы Танысбай (11 қазан 1973 жыл, Үржар, Шығыс Қазақстан облысы) — журналист, медиаменеджер, 2025 жылдан бастап қызметтегі Еуразия бірінші арнасының бас директоры. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы Басқарма төрайымы (2019—2025).

Өмірбаяны

1973 жылдың 11 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауылында дүниеге келген.

Алматыдағы халықаралық журналистика институтын тәмамдап, халықаралық бизнес университетінде МВА дәрежесін қорғады, диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары».

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиохабар тарату компаниясында редактор, одан кейін репортер, тележүргізуші қызметтерін атқарды.

«Хабар» агенттігінің негізі қаланған күннен бастап 1996-2002 жылдар аралығында жаңалық қызметінің редактор-жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 жылдың қазанынан 2011 жылдың қарашасына дейін — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Еліміздегі алғашқы балалар арнасы «Balapan» телеарнасының ашылуына атсалысқан.

2011 жылы ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі болып тағайындалды.

2012 жылдың ақпанында «Astana» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.

2018 жылдың 5 шілдесінен «НҰР-Медиа» холдингін қатар басқарды.

2019 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Мақала</ref> «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамына 14 аймақтық телерадиоарна, «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport», «Abai TV» сияқты 4 республикалық телеарна, «Qazaq radiosy», «Shalqar», «Astana radiosy», «Classic» республикалық радиоарналары кіретін Қазақстандағы ең ірі медиакомпания. «Қазақстан» РТРК» АҚ хабар тарату көлемі және тұрғындарды қамту жағынан алдыңғы орында.

2020 жылы Корпорация ішінен «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы<ref name="qazaqstantv">Үлгі:Cite web</ref> ашылып, отандық телеиндустрияда мәдени-танымдық, ағартушылық бағыттағы телевизиялық жобалар өндірісі жолға қойылды.

2025 жылғы 18 тамызда Еуразия бірінші арнасының бас директоры болып қызметке тағайындалды.<ref>Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды</ref>

Марапаттары

Сұхбаттар, жарияланымдар

Отбасы

Інісі Қуат Танысбай (1975 ж. туған) — кәсіпкер, Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының вице-президенті (2018 жылдан бастап).<ref>Танысбай Куат Муратович (персональная справка)</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер