Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тастыкөл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан қорықтары» деген санатты аластады; «Қазақстан қаумалдары» деген сан)
ш Қазақстан қорықтары» деген санатты аластады; «Қазақстан қаумалдары» деген сан)
(айырмашылығы жоқ)

11:25, 2023 ж. сәуірдің 14 кезіндегі түзету

Үлгі:Қорық аймағы Тастыкөл, Каменное озероҚостанай облысы Қостанай ауданы Заречное ауылының шығысында 3 км жерде орналасқан ботаникалық қорықша.

Сипаты

Табиғаттың бірегейі саналатын бұл жер суықты сүйгіш (бореалды) флораның қорғанышы саналады. Плиоценнің соңы, төрттік кезеңнің басында қалыптасқан «Каменное озеро» Тобыл өзенінің жағалаулық ескі арнасын алып жатыр. Ауданы 100 га.

Флорасы

Қорғалатын өсімдік типтеріне көлдің солтүстік террасалы беткейлеріндегі қайың шоқ ормандары жатады. «Мас орман» деп аталатын бұл шоқ орманда салпыншақ қайың мен көктерек басым өскен. Орманның төселмесінен тікенекті раушан, қара жемісті ырғай, алқызыл долана, қара қарақат және кәдімгі мойыл құрайды. Орман алаңқайларында даланың кәдімгі бұталары: бояу бекіш, талбұршақ, даланың сары қарағаны өседі. Сирек кездесетін өсімдіктерге: орман қырықбуыны, сепкілгүл, өзгермелі сайсағыз, хош иісті қырлышөп жатады. Кейде сирек болса да сынықша цистоптерикс, кәдімгі түйеқұсшөп пен таға кездеседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер