Кәдімгі мойыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Кәдімгі мойыл (Үлгі:Lang-la) - раушангүлдер тұқымдасы, мойыл туысына жататын бұталы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Prunus padus flos.jpg
Гүлдеген кезі
  • Биіктігі 10-17 м, бұтақ шоғыры қалың, жайқалып тұрады.
  • Жапырағы сопақша, кезектесе орналасқан, жиегі ара тісті.
  • Гүлдері ұсақ, ақ, кейде қызғылт түсті, 8-12 см-дей болатын шашақ гүлшоғырына топталған.
  • Жемісі сүйекті, қоңыр, қызғылт, қара түсті. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс салады.

Өсетін жері

Су қоймаларының, көлдердің, өзендердің жағаларында, бұталардың арасында, ормандардың шеттерінде өседі.

Құрамы

Құрамында алма, лимон қышқылдары, илік заттар, эфир майлары, қант, тұқымында, гүлдерінде, жапырағында, қабығында амигдалин дейтін гликозидтер бар. Амигдалин глюкозаға және синиль қышқылына ажырайды. Синиль қышқылы - адам организмі үшін аса улы зат.

Емдік қасиеті және қолданысы

Халық медицинасында кәдімгі мойылдың жемістерінен жасалған тұнбалар іш өткенді қойдыратын дәрі ретінде пайдаланылады. Гүлдерінен жасалған тұнбаны көз ауруларын емдеуге қолданады. Өкпе ауруларын өсімдіктің гүлдері мен жапырақтарынан жасалған тұнбамен емдейді. Жас бұтақтары қабығының қайнатындысын тер шығаратын дәрі ретінде қолданады, ал тұнбасымен ревматизмді емдейді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер