Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дүнгене"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
||
| (басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Дүнгене''' – ортағасырлық қала орны. [[Талдықорған]] қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, [[Көксу өзені]]нің оң жағалауында [[Балпық би]] | + | '''Дүнгене''' – ортағасырлық қала орны, [[Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі|Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімі]]не енген археология ескерткіші. |
| − | ==Дереккөздер== | + | |
| − | + | == Орналасқан жері == | |
| − | + | [[Талдықорған]] қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, [[Көксу өзені]]нің оң жағалауында [[Балпық би (ауыл)|Балпық би]] ауылы маңында орналасқан. | |
| − | + | ||
| − | {{ | + | == Сипаты == |
| + | Қаланы айнала қоршаған қорғаныс дуалдарының қалдығы сақталған және қала аумағы 30 га-дан астам жерді алып жатыр. Алғаш [[1940 жыл|1940]] жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі [[Александр Натанович Бернштам|А.Н. Бернштам]]) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарыныңнәтижесінде, жалпы аумағы 60 м<sup>2</sup>, биіктігі 4,5 м төбенің үш құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Жоғарғы құрылыс қабаты 12 — 13 ғасырларға жатады, ал 2 және 3-қабаттарынан табылған Қарахан әулетінің теңгелері мен зерлі ыдыстардың қалдықтарына сүйене отырып, бұл қабаттар 9 ғасырға жатқызылды. Қыш ыдыстар сынығы арасынан орама әдіспен жасалған ыдыстардың тұтқалары да кездеседі. Археология материалдардың көрсетуінше, Дүнгене 9 — 13 ғасырлар аралығында болған. Дүнгенені Бернштам 13 ғасырдағы [[Қойлық (қала)|Қаялық]] қала, ал [[Карл Молдахметұлы Байпақов|К. Байпақов]] ортағасырлық [[Екіөгіз]] қала деп есептейді. [[Махмұт Қашқари]]дің жасаған картасы (11 ғасыр) мен [[Рубрук]] жазбаларында бұл қала [[Эквиус]] деп берілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> | ||
| + | |||
| + | == Дереккөздер == | ||
| + | {{дереккөздер}} | ||
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | [[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | ||
| + | [[Санат:Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] | ||
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Дүнгене – ортағасырлық қала орны, Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Талдықорған қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында Балпық би ауылы маңында орналасқан.
Сипаты
Қаланы айнала қоршаған қорғаныс дуалдарының қалдығы сақталған және қала аумағы 30 га-дан астам жерді алып жатыр. Алғаш 1940 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарыныңнәтижесінде, жалпы аумағы 60 м2, биіктігі 4,5 м төбенің үш құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Жоғарғы құрылыс қабаты 12 — 13 ғасырларға жатады, ал 2 және 3-қабаттарынан табылған Қарахан әулетінің теңгелері мен зерлі ыдыстардың қалдықтарына сүйене отырып, бұл қабаттар 9 ғасырға жатқызылды. Қыш ыдыстар сынығы арасынан орама әдіспен жасалған ыдыстардың тұтқалары да кездеседі. Археология материалдардың көрсетуінше, Дүнгене 9 — 13 ғасырлар аралығында болған. Дүнгенені Бернштам 13 ғасырдағы Қаялық қала, ал К. Байпақов ортағасырлық Екіөгіз қала деп есептейді. Махмұт Қашқаридің жасаған картасы (11 ғасыр) мен Рубрук жазбаларында бұл қала Эквиус деп берілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>