Дүнгене

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүнгене – ортағасырлық қала орны. Талдықорған қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында Балпық би кенті маңында орналасқан. Қаланы айнала қоршаған қорғаныс дуалдарының қалдығы сақталған және қала аумағы 30 га-дан астам жерді алып жатыр. Алғаш 1940 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде, жалпы аумағы 60 м2, биіктігі 4,5 м төбенің үш құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Жоғарғы құрылыс қабаты 12 — 13 ғасырларға жатады, ал 2 және 3-қабаттарынан табылған Қарахан әулетінің теңгелері мен зерлі ыдыстардың қалдықтарына сүйене отырып, бұл қабаттар 9 ғасырға жатқызылды. Қыш ыдыстар сынығы арасынан орама әдіспен жасалған ыдыстардың тұтқалары да кездеседі. Археология материалдардың көрсетуінше, Дүнгене 9 — 13 ғасырлар аралығында болған. Дүнгенені Бернштам 13 ғасырдағы Қайалық қала, ал К.Байпақов ортағасырлық Екіөгіз қала деп есептейді. Махмұт Қашқаридің жасаған картасы (11 ғасыр) мен Рубрук жазбаларында бұл қала Эквиус деп берілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}