Қойлық (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қойлық, Қаялық — Ӏле алабындағы аса ірі ежелгі қала. Деректемелерде 11 ғасырдан бастап белгілі, бір кезде ол Қарлұқ кағаны — Арыслан ханның ордасы болды. Франция королі IX Людовиктің елшісі Вильгельм де Рубрук Қойлықта 1253 жылы күзде болған. Бұрынғы Ӏле кыстағының жанындағы өткел аркылы Ӏле өзенінен өткеннен кейін ол былай деп жазды: "Келесі оған көптеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен кала таптық". Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан FA археологиялық зерттеулер Қойлықтың орны Лепсі алабындағы Антоновка аулындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Мұнда 1964 жылы Жетісу археологиялық экспедедициясы барлау жұмыстарын жүргізген. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекші К.Байпақов) ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қаланы қоршаған дуалдың биіктігі 3,5—4,5 м.

Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт тарапынан бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік-батыс кабырғасының ұзындығы 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30—40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биіктігі 6—8 м-ге жетеді. Қойлықтың орнын қазғанда 1—14 ғасырлардағы қала адамдарының тұрақтары, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар —құмыралар, көзелер, кеселер табылды. Одан табылған қола теңгелер қаланың 8—14 ғасырларда ірі өркениет орны болғанын дәлелдейді. Соңғы жылдары қала аумағынан бірнеше тұрғын үй, будда ғибадатханасының орны аршылған. Сондай-ақ кейінгі жылдардағы қазба жұмыстары нәтижесінде мешіт орындары да табылған. Олардың құрылысы мен нобайы Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Отырар алқабындағы мешіттерге өте ұқсас. Соған қарағанда мұндағы ислам діні- не енген қауымдастықтардың орталығы Отырар төңірегінде болған сияқты.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Навигациялық кесте