Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сайқырқұм"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құмдар → Санат:Қазақстан құмдары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сайқырқұм, Сеңгірқұм — Маңғыстау үстіртінің солтүстігіндегі Бостанқұм мен Ақпан соры аралығында жатқан төбешікті құм. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының жерінде. Абсолюттік биіктігі солтүстік-батысында 119 м. Ұзындығы 33 км, ені 10 км-ге жетеді. Ауданы 200 км². Құм төбешіктер (биіктігі 1 — 6 м) өсімдіктермен жақсы бекіген. Оңтүстік беткейі кемерленіп келген. Бұл өңірінде Жабайұшқан қонысы жатыр. Солтүстік-батысында Тереңорпа құдығы бар. Жүзгін, жусан, еркек шөп, ақселеу өседі. Тұзды грунт суы 25 м тереңдікте кездеседі. Қысқы жайылым. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>