Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев (11 сәуір 1980 жыл, Қызылорда) — қазақстандық экономист, саясаткер және тұтқын, 2016 жылы бірнеше ай бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымында болған, экономика ғылымдарының кандидаты.

2023 жылғы қарашада оны әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартты. Сәуір айында сот үдерісі барысында ол өз кәнісін мойындады.<ref>Бишімбаев кінәсін мойындады</ref> 13 мамыр күні сот оны 24 жыл түрмеге кесті.<ref>Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды</ref>

Жастық шағы және білімі

Қуандық Бишімбаев 1980 жылғы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Дулат тайпасы Шымыр руы Темір бөлімінен шыққан.<ref>https://www.tiktok.com/@dosonalbaeb/video/7357057087307812102?_t=8lTzfw2WrdV&_r=1</ref> <ref>Үлгі:Кітап</ref>

Мансабы

Жеке өмірі

Қуандық Бишімбаев екі рет неке қиған. Тұңғыш әйелі Назым Қаһарманқызы Қаһармановамен некесі 14 жыл бойы созылды, олар 2020 жылғы 5 қазанда, күйеуінің түрмеден шыққанынан кейін ресми түрде ажырасты, екеуінің үш баласы бар.<ref name="nazim">Үлгі:Cite web</ref> Бірінші некесінен кейін ол 1992 жылы туған<ref name="zakonkz">Үлгі:Cite web</ref> Салтанат Амангелдіқызы Нүкеноваға үйленген.

Бишімбаевтың жалпы төрт баласы, үш ұл, бір қызы бар.<ref name="beknazar" />

Тұтқынға алынуы

Жемқорлық үшін тұтқынға алынуы

2017 жылғы 10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бишімбаевты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алғаны үшін ұстады.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 12 қаңтар күні оны сол себеппен тұтқынға алды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2018 жылғы 14 наурызда<ref name="lishonsvobody">Үлгі:Cite web</ref> Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрғанда Қызылордадағы әйнек зауытына бөлінген қаржыдан бір миллиард теңге жымқырған деп айыппен<ref name="azattiq" /> Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылғант соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, 4-бөлігінің 2-тармағымен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны өмір бойына басшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды.<ref name="lishonsvobody" />

2018 жылғы 28 желтоқсанда Түркістан облысы Төлеби аудандық соты Қуандық Бишімбаевтың қамауда ұстау шарттарын жеңілдету туралы өтінішін ішінара қанағаттандырып, жалпы режимдегі колонияда өтеуді ұйғарды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2019 жылғы 25 қыркүйекте Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты, Шымкенттің Абай аудандық соты экс-министрді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Салтанат Нүкенованы өлтіргені

Үлгі:Толық мақала Салтанат Амангелдіқызы Нүкенова (15 мамыр 1992 жыл9 қараша 2023 жыл, Астана)<ref name="azattiq" /> — Бишімбаевтың екінші<ref name="zakonkz" /> әйелі, Астананың Достық көшесінің бойындағы<ref name="beknazar">Үлгі:Cite web</ref> "Бау" мейрамханасында күйеуі басынан қатты соқты да,<ref name="nikiforyak" /> нәтижесінде жедел жәрдем жетпей тұра<ref name="nazim" /> ол көз жұмған. Өлтірушілік орын алған күні Бишімбаевтың ұсталғаны<ref name="azattiq" /> және адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Камералардан табылған ақпарат бойынша, Бишімбаев өз әйелін 8 сағат бойы ұрып-соққан. <ref name="beknazar" />

Бишімбаевтың тұңғыш әйелі, Назым Қаһарманова,<ref name="zakonkz" /> орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.<ref name="nazim" />

11 қазан күні мамандар гастробардағы күзет камераларынан жойылған видеоларды қайтарып ала алғаны белгілі болды. Видеоларда Бишімбаевтың сағат 7:00-де әйелін ұрып соққаны табылды. Бишімбаевтың інісі берген мазмұндамасы камераларда табылған видеолармен сәйкес келді, оның сөзінше ол гастробарда «ұйықтап жатқан» Нүкенованың сағат 16:40-та пульсін тексерген кезде оның өмірден озғанын білді. Нүкенованы 9 қараша күні ешкім көрмегені белгілі және сарапшылар мәліметінше денесінде пышақтау іздері жоқ, болжам бойынша, басына моқал затпен қатты соққы тиюі оның өліміне әкелді.<ref name="nikiforyak">Үлгі:Cite web</ref>

11 қараша күні Павлодарда Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі өтті. Ол Мәшһүр Жүсіп мешітінде орын алды, туыстары және достары қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол күні Бишімбаевтың екі айға қамалғаны белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаевты «элитарлық және тоталитарлық паразит»ке теңеп, оны түрмеге отырғызудың бүкіл Қазақстан үшін маңыздылығын айтты.<ref>Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, онда елде болашақ жоқ деген сөз!</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті