Қазақстан әкімшілік бірліктері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында облыстардың саны 17, аудандар - 195, қалалар - 90, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 160, ауылдар - 6 179 құрайды. Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында. <ref>https://stat.gov.kz/industries/social-statistics/demography/publications/281766/</ref>

Қазіргі әкімшілік бөлінісі

Бірінші деңгей

Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.

  • Астана қаласы — Қазақстанның елордасы.
  • Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала.
  • Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.

Үлгі:Қазақстанның әкімшілік бөлінісі

№ Таңбасы Әкімшілік бірлік Орталығы Жер аумағы, км²,
08.06.2022
Халық саны, адам,
01.10.2022<ref>Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2022 жылғы 1 қазанға) Үлгі:Webarchive</ref>
Қоныстану тығыздығы,
адам/км²
Жан басына шаққандағы ЖІӨ, мың теңге
2023 ж.<ref>Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өнімі (2023ж. қаңтар-желтоқсан)</ref>
Республикалық маңызы бар қалалар
1 50x50px Астана қаласы 797,33 1 340 782 1681,6 9 247
2 50x50px Алматы қаласы 682 2 147 113 3148,3 11 310,4
3 50 px Шымкент қаласы 1162,8 1 184 113 1018,3 3 064,8
Облыстар
4 50 px Абай облысы Семей 185 500 610 183 3,3 4 983,1
5 50 px Ақмола облысы Көкшетау 146 219 786 012 5,4 4 676,7
6 50 px Ақтөбе облысы Ақтөбе 300 629 924 845 3,1 5 052,4
7 50 px Алматы облысы Қонаев 105 263 1 497 025 14,2 3 276,2
8 50px Атырау облысы Атырау 118 631 689 674 5,8 21 401,2
9 50 px Батыс Қазақстан облысы Орал 151 339 686 655 4,5 6 956,6
10 50 px Жамбыл облысы Тараз 144 264 1 215 482 8,4 2 547,1
11 50px Жетісу облысы Талдықорған 118 648 698 952 5,9 2 754,6
12 50 px Қарағанды облысы Қарағанды 239 045 1 134 146 4,7 7 443,5
13 50 px Қостанай облысы Қостанай 196 001 832 445 4,2 5 550,6
14 50 px Қызылорда облысы Қызылорда 226 019 830 901 3,7 3 414
15 50 px Маңғыстау облысы Ақтау 165 642 761 401 4,6 6 263,7
16 50 px Павлодар облысы Павлодар 124 755 754 829 6,1 5 761,2
17 50 px Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл 97 993 534 966 5,5 4 189,5
18 50 px Түркістан облысы Түркістан 117 249 2 110 502 18 1 955,5
19 50 px Ұлытау облысы Жезқазған 188 936 221 014 1,2 8 802,1
20 50px Шығыс Қазақстан облысы Өскемен 97 800 730 812 7,5 6 135,4
Барлығы 2 724 902 19 691 858 7,2 6 058,3

Екінші деңгей

Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады.

Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар:

  1. Астанада — 6 аудан
  2. Алматыда — 8 аудан
  3. Шымкентте — 5 аудан

Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады.

Үшінші деңгей

Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 6 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды, Ақтөбе және Тараз қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар.

Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.

Тарихы

Ресей империясы

XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған:

  1. Ақмола облысы — Омбы қаласы
  2. Жетісу облысы — Верный қаласы
  3. Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы
  4. Орал облысы — Орал қаласы
  5. Семей облысы — Семей қаласы
  6. Сырдария облысы — Ташкент қаласы
  7. Торғай облысы — Орынбор қаласы (облыс құрамына кірген жоқ)

Бұдан бөлек әскери әкімшілік бірліктер болған:

  1. Дала генерал-губернаторлығы — Омбы қаласы (құрамына Ақмола, Орал, Семей, Торғай облыстары кірді)
  2. Түркістан генерал-губернаторлығы — Ташкент қаласы (құрамына Жетісу, Күнгей Каспий, Сырдария, сондай-ақ Самарқан, Ферғана облыстары мен Әмудария бөлімі кірді)

Қазіргі Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы кей аумақтар Астрахан, Самара, Тобыл, Томбы губернияларының құрамында болды.

Кеңес заманы

Сурет:Kazakhstan 1959 ru.svg
Қазақ КСР-інің 1959 жылғы әкімшілік бөлінісі
  • 1920: Семей губерниясы құрылды
  • 1921: Төмендегідей губерниялар құрылды
    • Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы
    • Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы
    • Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы
  • 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды
  • 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды
  • 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды
  • 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды
  1. Адай округі - Ойыл ауылы
  2. Ақмола округі - Ақмола қаласы
  3. Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы
  4. Алматы округі - Алматы қаласы
  5. Гурьев округі - Гурьев қаласы
  6. Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы
  7. Қостанай округі - Қостанай қаласы
  8. Қызылжар округі - Петропавл қаласы
  9. Қызылорда округі - Қызылорда қаласы
  10. Орал округі - Орал қаласы
  11. Павлодар округі - Павлодар қаласы
  12. Семей округі - Семей қаласы
  13. Сырдария округі - Шымкент қаласы
  • 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді
  • 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды
  • 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді
  • 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды
  1. Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы
  2. Алматы облысы - Алматы қаласы
  3. Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы
  4. Қарағанды облысы - Петропавл қаласы
  5. Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы
  6. Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы
  1. Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград)
  • 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды:
  1. Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал)
  2. Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент)
  • 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды
  • 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды
  • 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды
  • 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды
  • 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды
  • 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды
  • 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды

Қазіргі заман

Сурет:Kazakhstan obl ru.svg
Қазақстанның 2001-2018 жылдардағы әкімшілік бөлінісі
Сурет:Oblast changes overview2.jpg
Қазақстан облыстары шекараларының өзгеріс тарихы (1954-2016)
  1. Абай облысы - Семей қаласы
  2. Жетісу облысы - Талдықорған қаласы
  3. Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы
  • 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз

Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары Үлгі:Қазақстан тақырыптарда