Орал округі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік Орал округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орал округі Орал губерниясының бір бөлігінен 1928 жылы 17 қаңтарда құрылды. Орал қаласы округ орталығы болып белгіленді. Округке 15 аудан кірді:

1928 жылы 18 мамырда Зеленов ауданының орталығы Каменный ауылына көшірілді, ал ауданның өзі көп ұзамай Каменка болып өзгертілді.

1928 жылы 29 маусымда Шалқар ауданының орталығы Шалқар ауылы болып өзгертілген Барқын ауылына сол күні көшірілді.

1928 жылы 28 шілдеде кейбір аудандардың орталықтары ауыстырылды. Заурал ауданының орталығы Покатиловка ауылы, Жаңақала - Жаңақала ауылы, Тайпақ - Базартөбе мекені болды.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-нің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Әдебиет