Қазақстан Жоғарғы Соты
Үлгі:Мемлекеттік орган Үлгі:Қазақстан саясаты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – Қазақстанның ең жоғары сот органы. Жоғарғы сот төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді.
Мазмұны
Тарихы
1937 ж. 9 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Соты ретінде құрылды.<ref>1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени құрылысты басқару органы, әкімшілік-саяси органдар мен қүқықтық сот органдары (1937- 1977 жж.), 2-т., 3-6., Алматы, 1992, 146-п.2 Қазақстан Республикасының 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993, № 3, 54-бап).</ref> 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясында<ref>2. Қазақстан Республикасының 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Конституциясы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993, № 3, 54-бап).</ref> ҚР-да сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғары төрелік сотқа және заң бойынша құрылған төменгі тұрған соттарға берілетіндігі белгіленді. Ешқандай өзге орган және өзге тұлға сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.<ref>3. 1993-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер:қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 128-132 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына<ref>4. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2,2-бап).</ref> сәйкес, ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен<ref>5. "Қазақстан Республикасының Әділет министрінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі № 494 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 14, 174-бап).</ref> ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>
Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi
Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Президентінің ұсынуы бойынша 5 жыл мерзімге Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Қазақстан Президентiнiң ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Президенті тағайындайды.<ref>Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы</ref>
Жоғарғы сот төрағалары
| № | Суреті | Аты-жөні Үлгі:Small |
Басқарған уақыты | |
|---|---|---|---|---|
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (1991–) | ||||
| 1 | 99px | Тамас Айтмұхаметов Үлгі:Small |
наурыз 1984 | желтоқсан 1993 |
| 2 | 99px | Михаил Малахов Үлгі:Small |
желтоқсан 1993 | 9 сәуір 1996 |
| м.а. | 99px | Қайрат Мәми Үлгі:Small |
9 сәуір 1996 | 28 маусым 1996 |
| 3 | 99px | Мақсұт Нәрікбаев Үлгі:Small |
28 маусым 1996 | 28 шілде 2000 |
| м.а. | 99px | Рашид Түсіпбеков Үлгі:Small |
28 шілде 2000 | 1 қыркүйек 2000 |
| 4 | 99px | Қайрат Мәми Үлгі:Small |
1 қыркүйек 2000 | 3 сәуір 2009 |
| 5 | 99px | Мұсабек Әлімбеков Үлгі:Small |
3 сәуір 2009 | 15 сәуір 2011 |
| 6 | 99px | Бектас Бекназаров Үлгі:Small |
15 сәуір 2011 | 16 қазан 2013 |
| 7 | 99px | Қайрат Мәми Үлгі:Small |
16 қазан 2013 | 11 желтоқсан 2017 |
| 8 | 99px | Жақып Асанов Үлгі:Small |
11 желтоқсан 2017 | 8 желтоқсан 2022<ref>Үлгі:Cite web</ref> |
| 9 | 99px | Асламбек Мерғалиев Үлгі:Small |
8 желтоқсан 2022<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> | — |
Құрылымы
| Жоғарғы сот төрағасы: Асламбек Мерғалиев | ||||
|---|---|---|---|---|
| Сот алқалары<ref>Құрылым</ref> | ||||
| № | Атауы | Судьялар саны | Төрағасы | Тағайындалған уақыты |
| 1 | Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы | 17 | Нұрсерік Шәріпов | 31 қаңтар 2022 |
| 2 | Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы | 6 | Аслан Тукиев | 31 қаңтар 2022 |
| 3 | Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы | 19 | Назгүл Рахметуллина | 19 сәуір 2024 |
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>