Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нәрікбаев, Мақсұт Сұлтанұлы — Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі.

Қысқаша өмірбаяны

1940 ж. наурыздың 30-ында Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келді.

195859 жж. Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды.

1968 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы аталған университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

199293 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі және құқық қорғау органдары бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде еңбек етті.

1995 ж. қазан айында мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Бас прокуроры, ал 1996 ж. маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімімен Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалады.

2001 ж. «Құқықтық Қазақстан үшін» атты қоғамдық бірлестік құрды. 2004 ж. сәуір айында «Қазақстан демократиялық партиясының» құрылтайында оның төрағасы болып сайланды.

2002 ж. желтоқсан айында Мақсұт Сұлтанұлы азаматтық қоғамды одан әрі демократиялау және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі тұрақты мәжілістің мүшесі болып тағайындалды.

2003 ж. сәуірдің 12-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот құрамындағы өзгерістер туралы» Жарлығымен Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2004 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Демократия мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

2008 ж. ақпанның 14-інде Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы міндетінен босатылды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Марапаттары

Отан алдындағы еңбектері үшін «Парасат» орденімен, 5 медальмен марапатталды.

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}