Ғабит Төлеутайұлы Несіпбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Ғабит Төлеутайұлы Несіпбаев (1962 жыл 2 қаңтар Алматы қаласы) - пианист, органшы.
Өмірбаяны
- Екі мәрте Ленин орденді П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано Музыка факультетін (1985) органшы, пианист мамандығы бойынша;
- П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген (1987).
- Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының тарихы» атты мерейтой басылымының авторы (2004).
- 1985 жылдан - Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.
- 1997 жылдан - Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры
- 2002 жылдан - стратегиялық даму және ұйымдастыру жұмыс жөніндегі проректоры.
- 2005 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.
Марапаттары
- Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының доценті (2004), Құрметті профессоры (2008).
- ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1997).
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2001).
Отбасы
- Әкесі - Төлеутай Несіпбаев, зейнеткер, биология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, физиология кафедрасының меңгерушісі.
- Анасы - Несіпбаева Рахия Тастанбекқызы,марқұм, тарихшы болған.
- Үйленген. Жұбайы - Сөйітақан Анар Сейітмаханқызы (1966 ж. т.).
- Ұлдары - Нөсіпбаев Әділ Ғабитұлы (1983 ж. т.), Төлеутай Абзал Ғабитұлы (2002 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>