Төлеутай Несіпбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төлеутай Несіпбаев (10.5.1938, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы - 19.02.2020, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1979).
- Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
- 1961 жылдан осы оқу орнының физиология кафедрасында ассистент (1961–1972)
Ғылыми еңбектер
Негізгі ғылыми жұмысы малдың ас қорыту физиологиясының ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Несіпбаев бұзаулардың мес қарнында қанттың, май қышқылдарының мөлшері мен инфузория санының олардың жасына қарай өзгеріп отыратынын; қойлардың мес қарны мен бүйеніндегі ас қорыту процестерінің физиологиялық параметрін анықтады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>
- «Процессы пищеварения в рубце и слепой кишке у тонкорунных и кроссбредных овец в зависимости от характера» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- Қойларды азықтандырудың физиологиялық негіздері, А., 1980;
- Жануарлар физиологиясы, 1 – 2 т., А., 1995 – 96;
- Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі, А., 2004.
Марапаттар
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 10 мамырда туғандар
- 1938 жылы туғандар
- Сарысу ауданында туғандар
- 19 ақпанда қайтыс болғандар
- 2020 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан биологтары
- Биология ғылымдарының докторлары
- Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкерлері
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері