Тұздықақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұздықақ, Тұзды батпақНарын құмының солтүстік-батысындағы сор.Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданыннда орналасқан. Сор солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп созылып жатыр. Ұзындығы 110 – 120 км, орташа ені 15 км, солтүстік-батысында 35 км-ге дейін жетеді. Ойыстау келген сор теңіз деңгейінен 8 м төмен жатыр. Көктемдегі қар суының еріп, осы ойысқа шоғырлануынан пайда болған. Түбінде жұқа тұз қабаты түзілген. Тұзды балшықтың құрамы сульфатты-хлоридті, тұнбасының жалпы минералдары 5 – 10 г/л. Жер бедеріне сорға, тұзға төзімді өсімдіктер тән. Олар: ақсора, тұзбұршақ, қаңбақ, сораң, қарабарақ, т.б. Шеткі бөліктерінде наурызгүл, сарысазан, шағыр, қарасексеуіл, қаражусан, т.б. өсімдік түрлері өседі.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том яЯ Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub