Ақсора

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсора (Suaeda) – алабұталар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы, кейде жартылай бұталар.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты</ref> Жер шарында кең тараған (тек арктикалық белдемдерде кездеспейді), Ақсоралардың тұзды жерлерде, теңіздер және тұзды тоғандардың жағалауларында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның шөл даласындағы гипсті, борпылдақ сортаң топырақты жерлерде, сор мен тақырларда қаулап өседі не ірі бұта күйінде жеке-жеке кездесетін 16 түрі бар. Жиі тарағаны – ұсақжапырақты ақсора, кейде оны ақсора (Suaeda mіcrophylla) деп атайды. Биіктігі 30 – 75 см. Сабағы көп бұтақты, бір жылдық өркендері күлгін түсті. Жапырағы етті, көкшіл, оның ұзындығы 3 – 10 см. Гүлшоғыры жапырақ қолтығынан сәл төмен орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Түйнектеген кезде өсімдік құрамында клетчатка, протеин, май, азотсыз экстрактивтік заттар болады. Күлінен алынған сақар сабын қайнату үшін пайдаланылады. Жақсы мал азығы.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсора|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}