Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев (13 қазан 1976, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист, заңгер, 2026 жылдан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасары. Қызылорда облысының бұрынғы әкімі (2022—2026). Белгілі мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.<ref>Бердібек Сапарбаев кетіп, туған інісі әкім болды</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Әкесі — Нәлібаев Машбек Сапарбайұлы (1926–2004), «Өзгент» кеңшарының бригадирі және басқарушысы болып жұмыс істеген. Анасы — Нәлібаева Бибіш Нұрманқызы (1933–2004).
Нұрлыбек Нәлібаев Қоңырат тайпасы Жаманбай руы Қараша бұтағынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (1997) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Қызылорда гуманитарлық заң университетін (2003) «Заңғылымы» мамандығы бойынша бітірген.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
1997 жылдан - «Қазақойл-коммерция» ЖШС мұнай өндіру бойынша сарапшысы.
1998 жылдан - «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары.
1999 жылдан - «Стандарт Ойл Бейс» ЖШС директоры.
2001 жылдың наурызынан - «Стандарт Ойл» ЖШС директоры.
2001 жылдың кыгжуйегінен - «Станлаот Ойл Трейдинг» ЖШС директоры.
2002 жылдан - «Харрикейн Ойл Продактс» ЖАҚ Қызылорда филиалының директоры.
2002 жылдың қазанынан - «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС бас директоры
2005 жылдың тамызынан - Қызылорда қаласы әкімінің орын- басары, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы.
2005 жылдың қазанынан - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2007 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі.
2008 жылдан бері - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы (2008 жылдан).
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысының әкімі.<ref>Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. tengrinews.kz</ref>
2026 жылғы 6 мамырдан бастап ол — Премьер-министрдің бірінші орынбасары.<ref>Н.М. Нәлібаев туралы</ref>
Әскери атағы — аға лейтенант. Діни көзқарасы — ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Еліміздің табысты дамуы үшін қажеттінің бәрі бар - ауқымды аумақ, бай минералдық ресурстар. Халыктың демографиялық дамуы, қазірде барынша қалпына келтіріліп жатқан қуатты өндірістік және ауылшаруашылық базасы».<ref name="kimkim" />
Хоббиі — спорт (волейбол), домбыра шерту, ән айту, атқа салт міну, автомобильмен жылдам жүру. Сүйіп оқитын әдебиеті — тарихи және классикалық жанрлар.<ref name="kimkim" />
Отбасы
Үйленген. Жұбайы — Мәлика Мұстафақызы Сыздықова. Ұлы — Назарбек Машбек (2002 жылы туған); қыздары — Айя Машбекова (2004 жылы туған) мен Аруна Машбекова (2010 жылы туған).<ref name="kimkim">Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Ағасы Бердібек Сапарбаев (1953–2023) әр жылдары Үкімет аппаратын, бірқатар облысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін, Кеден комитетін басқарған, Премьер-министрдің орынбасары болған.
- Жиені Жансұлтан Сапарбаев (1991 жылы туған) 2019–2024 жылдары Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы болған.
Тағы бір ағасы Пазылбек Нәлібаев (1966 жылы туған) — 2022 жылдан бастап Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы.
- Жиені Әзімбек Пазылбекұлы (1991 жылы туған) — 2024 жылдан бастап Түркістан қаласының әкімі.
Марапаттар
- Құрмет ордені (2011)
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011)
- Парасат ордені (2016)
- Қазақстанның құрметті құрылысшысы