Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді (30 маусым 1968, Шымкент облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, дипломат, саясаткер. 2019—2023 жылдары Сыртқы істер министрі. 2023 жылдан бастап қызметтегі Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші.

Өмірбаяны

1968 жылы 30 сәуірде Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында дүниеге келді.

1990 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін тәмамдағаннан кейін Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алды.

Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы ретінде бастады.

1996—1999 жылдары Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігініңүшінші, екінші хатшысы;

1999—2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, екіжақты ынтымақтастық бөлімінің басшысы;

2000—2001 жылдары Қазақстан Мемлекеттік хатшысының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі;

2001—2003 жылдары Қазақстанның Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі;

2003—2004 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2004 жылы Қазақстан президентінің  № 1416 бұйрығымен Малайзиядағы, кейін 2005 жылы Индонезия, Бруней және Филиппиндағы Төтенше және Өкілетті Елші қоса атқарушы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2009 жылы Швейцариядағы, кейін Лихтенштейн және Ватикандағы Төтенше және Өкілетті Елші қоса атқарушы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2016 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2019 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2021 жылы Премьер-министр орынбасары болып тағайындалып, екі қызметті бірге атқарды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

5 айдан кейін Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елші және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Үйленген, 2 ұлы бар. Қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті