Жартас суландыру жүйесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ЖАРТАС СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ, Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде. 1945 жылы пайдалануға берілген.
Сол жағалық және оң жағалық жүйелерден тұрады. Су Жартас бөгенінен келеді. Шерубайнұра бөгені мен Ертіс-Қарағанды каналы арқылы толығады. Жартас суландыру жүйесі суғарылатын егістіктерде картоп, көкөніс, мал азығы дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Магистральдық бас каналдың ұзындығы 10,7 км, оның 8,3 км-і темір-бетон плиталардан жасалған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>