Шерубайнұра бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шерубайнұра бөгені (Топар бөгені), Қарағанды облысының Абай ауданы аумағында, Топар кентінен 2 км оңтүстік-батыста. Шерубай-Нұра өзенінің Нұра өзеніне құятын сағасынан 47 км жоғарыда орналасқан. Бөген ұзындығы 890 м, биіктігі 15 м бөгетпен бөгеу арқылы тұрғызылған. Құрылысы 1951 жылы басталып, 1960 жылы пайдалануға берілген. Бөген Шерубайнұра өзеннің суын көп жылдық режимде реттеуге арналған. Ауданы 38,8 км², ұзындығы 13 км, ені 4,2 км, орташа тереңділік 7,2 м, ең терең жері 24 м. Жалпы сыйымдылығы 273,7 млн. м3, пайдалы көлемі 179,8 млн. м3. Су жиналатын алабы 10600 км². Жағалауы жатық, тереңірек оңтүстік бөлігін құрақ жайлаған. Суы тұщы, минералдығы 0,7 г/л. Бөген Қарағанды, Теміртау қалаларының өнеркәсіптік аумағын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Жылына 40 млн. м3-ден астам су алынады. Мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, шортан, аққайран, т.б. балықтар мекендейді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref>

Шерубай-Нұра өзеңде салынған. 1959 жылында сумен толтырыла бастады, қалыпты деңгейіне 1961 ж. жетті. Бөгенінін ұзыны — 3116 м, ені жалы бойынша — 4 м, ең биік жері — 22,2. Су шығыны — 1160 м³/с. Толык көл. — 274 млн м3. Қалыпты жағдайдағы су айдынының ауданы — 38,2 км², ең төменгі денгей кезіндегі ауданы — 21 км². Бөгеннің ұзындығы — 12 км, ені 4.5 км-ге жуык, терені 22 м шамасында. Жағалауының ұзыны — 29,5 км. Суы тұщы (минералдылығы — 0,7 г/л), біршама кермек, сілтілігі аз. Суында көкөрке, табан, торта, алабұға, тұқы, мөңке, сазан т. б. бар. Электр ст-лары өнеркәсіптің мұқтаждарын камтамасыз етуге, халыкты ауыз сумен жабдык-тауға, суаруға пайдаланылады. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}