Жартас бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жартас бөгені, Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде. Сумен қамтамасыз ету және суғару мақсатында Шерубайнұра өзенінде 1935 жылы салынған су айдыны. Аумағы 5 км², ұзындығы 3 км, ені 2,5 км, тереңдігі 6 м. Жағалау жиегінің ұзындығы 11,7 км, бөген суының көл. 10,5 млн. м³. Жоғарғы бөлігі таспен, төменгі бөлігі шөппен бекітілген. Бөген бойында 3 су ағызушы гидротехникалық нысандар салынған. Жартас бөгені Шерубайнұра бөгенінен жіберілген су есебінен толығады. 1981 жылдан Ертіс-Қарағанды каналынан жүргізілген су тартқыш жұмыс істейді. Суы қарашада қатып, сәуір айында ериді. Суы тұщы, сәл сілтілі, гидрокарбонатты-сульфатты класқа, натрийлі топқа жатады. Суында мөңке, табан, көксерке, алабұға, тасбас, шортан тіршілік етеді. Жылына 10 – 20 ц балық ауланады. Бөген жағасында «Жартас» санаторийі орналасқан.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жартас бөгені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}