Бәкір Яхиянұлы Баяхунов
Үлгі:Музыкант Бәкір Яхиянұлы Баяхунов (15 қыркүйек 1933, Алматы, Қазақ АКСР, РКФСР) — сазгер, Қазақстанның халық әртісі (1990).
Алматы консерваториясын (проф. Қ.Қожамияровтың класы бойынша) бітірген (қазіргі Қазақ ұлттық кон-серваториясы, 1960). 1960 - 1963 ж. Мәскеу консерваториясында муз. білімін шыңдады. 1963 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1991 жылдан проф.) дәріс береді. Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары. Баяхунов қазақ халық музыкасын өңдеуде ("Күй" симфониясы, 1965; "Қамбар батыр", 1972; "Ысқырма" 1973 ж) елеулі еңбек етті. Сонымен қатар бірнеше кинофильмдерге музыка жазған. Баяхунов қазақ домбыра музыкасының полифониясы туралы мақалалар, дүнген халық әндері туралы зерттеулер жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>