Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров
Үлгі:Музыкант Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров (21 мамыр 1918, Қайназар ауылы, Верный уезі, Жетісу облысы, Түркістан КФР, РКФСР — 8 сәуір 1994, Алматы) — ұйғыр сазгері. КСРО халық әртісі Абайдың «Сегіз аяқ» әнін төрт дауысты хорға пайдаланған. «Сегізаяқ» әнінің әуені мен өлеңінің әрбір шумағы қайталанған сайын, олар төрт түрлі дауысқа белініп, гармониялық, ырғақтық және полифониялық бояулар арқылы құбылып отырады. КСРО, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Ол халық музыка фольклоры әуендері негізінде ұйғырдың тұңғыш операсы "Назуғум" (1956) мен "Чип Томур" (1968) балетін жазды. Сондай-ақ, "Алтын таулар" (1960, Н.Тілендиевпен бірге), "Садыр Палуан" (1977) операларының, "Ризвангүл" (1950, КСРО мейл. сыйл., 1951), "Бостандық туралы ән" (1954), симфониялық поэмаларының, "Гүлден Жетісу!" (1970) ораториясының, "А.А. Розабақиевті еске алу" симфони-ясы (1971) мен Үшінші симфония (1984, Қазақстан Мейл. сыйл.), т.б. мұзыкалық шығармалардың авторы. Қ. Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі (1955 - 1959 ж. төрағасы). Қазақстан Компартия-сы ОКмүшесі (1961 - 1968). 1959 - 1966 ж. әдебиет және өнер саласындағы Лениндік сыйлық пен Қазақстан Мейл. сыйл. тағайындау жөніндегі комитетттің мүшесі болды.
2 - 3-сайлау Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты. Ленин ордендерімен, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>