Бибіқадиша Сансызбайқызы Жорабекова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бибіқадиша Сансызбайқызы Жорабекова — Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі.<ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, ISBN 788-548-4258-64-5</ref>
1968 жылы 10 мамырда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогикалық институтына оқуға түседі. 1986 жылы аталған институттың физика-математика факультетінің 2 курсында оқыған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін оқудан шығарылған.
Қазір Ордабасы ауданына қарасты «Бөген» ауылындағы Б.Кенжебаев атындағы орта мектептің математика және информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.