Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Астана)
Үлгі:Өнер туындысы Үлгі:Мағына Бауыржан Момышұлы ескерткіші – Астана қаласында 2008 жылы ашылған мүсіндік өнер туындысы.
Орналасқан жері
Деректер
Қазақ халқының аңызға айналған ұлы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының
ескерткіші 2008 жылы тұрғызылып, Жамбыл облысының елорданың 10-жылдық мерейтойына орай Астана қаласына тартылған сыйлығы болды.
Мүсінші – Темірхан Қолжігіт, сәулетшісі – Бақытжан Сыздықов.<ref>Елордада Ұлы Отан соғысының батырларына арналған 8 ескерткіш бар — «Егемен Қазақстан», 09.05.2020.</ref>
Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж.) - Жамбыл облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының батыры. 1941 жылдың күзінен бастап генерал-майор И.В. Панфиловтың қоластындағы 316 атқыштар дивизиясының құрамында болды. 1942 жылы орын алған Мәскеу үшін шайқаста көрсеткен ерен ерлігі үшін Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылған. Бұл жоғары мәртебелі атақ батырға тек 1990 жылы берілген болатын.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Ескерткіш жанында жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылады.<ref>Батыр ескерткіші ерлікке баулиды Үлгі:Webarchive — «Астана ақшамы», 13.09.2014.</ref>
- Astana DSC04095 (7709590860).jpg
- Astana DSC04094 (7709588858).jpg
Жанындағы саябақ
Ескерткіштің жанында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ орналасқан.
- Astana DSC04099 (7709599080).jpg
- Astana DSC04104 (7709609188).jpg