Абай Бөлекбайұлы Тасболатов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Абай Бөлекбайұлы Тасболатов (21 қыркүйек 1951, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткер, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы. 2012–2021 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты.

Өмірбаяны

1951 жылы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, Николаевка ауылында дүниеге келді.

1973 жылы Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебін тәмамдағаннан кейін 1980 жылға дейін сол жердің взвод, рота командирі болды.

1980 жылы М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияға оқуға түсіп, 1983 жылы аяқтағаннан кейін 1991 жылға дейін Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебінде оқытушы, курсанттар батальонының командирі, тактика кафедрасының аға офицері болып еңбектенді.

1991–1992 жылдары Қазақстан Мемлекеттік қорғаныс комитеті жанындағы жоғары оқу орындары және әскерге дейінгі дайындық бөлімінің басшысы;

1992–1997 жылдары Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебінің басшысы;

1997–2002 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Әскери академиясының басшысы болды.

1999 жылы Ресей Әскери ғылымдар академиясының корреспондет-мүшесі және профессоры атанды.

2002 жылы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2005 жылы Бүкілқазақстандық қоян-қолтық күрес Қауымдастығының президенті болып сайланып, 2017 жылы қызметінен кетті.

2006 жылы лауазымынан босатылып, Республикалық ұланның басқолбасшысы болып тағайындалды. Сол жылы «Қазақстан Республикасында кәсіби кадрларды даярлау тарихы мемлекеттің қорғаныс функциясының теориясы мен практикасы контекстінде» атты тақырыпта жоба қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылғы шілдеде Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылғы қарашада лауазымынан босатылып, бір айдан Орталық сайлау комиссиясының № 65/122 қаулысымен Парламент Мәжілісінің 5-сайланымының депутаттығына үміткер болып тіркелді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2012 жылғы қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының № 8/163 қаулысымен депутат болып тіркелді. МәжілістіңХалықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2015 жылы Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Тасболатовты төраға орынбасарлығына ұсынып, ұсынысты депуттатар бірауыздан қолдады. Нәтижесінде Тасболатов Мәжіліс төрағасының орынбасары атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2016 жылы Орталық сайлау комиссиясының № 9/94 қаулысымен Парламент Мәжілісінің 6-сайланымының депутаттығына үміткер болып тіркелді. Бір айдан кейін депутат болып тіркелді. 2021 жылы сайланым таратылып, Тасболатов келесі депутатыққа түспеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

  • II дәрежелі «Даңқ» ордені
  • III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштері қатарындағы қызметі үшін» ордені
  • «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер