Құрлық әскерлерінің әскери институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Құрлық әскерлерінің әскери институты (ескі атауы: Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы) - 2002 жылы Әскери академияның екіге бөлінгенінен пайда болған құрлық әскерлерін дайындап шығаратын әскери институт. Әскери академия Құрлық әскерінің институты мен Ұлттық қорғаныс әскери универстеті болып бөлінді.<ref>Алғашқы әскери дайындық, Алматы"Мектеп" баспасы, 2006</ref> Негізі 1918 ж. Түркістан әскери округінің училищесі болып құрылған. Кейін Орта Азия әскери округінің училищесі (1969), Алматы жоғары әскери училищесі (1970) болып аталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1997 ж. 11 ақпанда Алматы жоғары әскери училищесі Алматы Жоғарғы Әскери Академиясы болып қайта құрылды. Алматы жаяу әскерлер училищесі, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектептер осы академияның құрамына енеді. Академияда әскери тактика, қоғамдық ғылымдар, шет тілі, автомобиль даярлығы және соғыс машинасы, артиллериялық қарулар мен техникаларды пайдалану, әскери инж. байланыс және жалпытехн. пәндер, физ.-мат., дене шынықтыру және спорт кафедралары жұмыс істейді. Академияда жоғары, арнаулы және орта әскери білімді маман кадрлар даярланады. Мұнда 4 ғыл. докторы (1998), сондай-ақ техника, тарих, физика-математикалық, филология ғылымының кандидаттары дәріс береді. Оқу орны негізі қаланғаннан бері 7000-нан астам офицер кадрлар даярлап шығарды. Ауған соғысының батырлары С.Н. Гущин, Н.Акрамов, Кеңес Одағының Батыры лейт. Шахворостов, генерал-полковник. А.Х. Қасымов, ҚР ІІМ Ішкі әскері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Б.Б. Жанасаев, генерал-майор А.Б. Тасболатов, ген.-майор Ж.К. Рыспаев және генерал-майор Б.Е. Ертаев осы академия түлектері. Академияның сырттай оқытатын бөлімдері бар.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Мамандықтары

Құрлық әскерлерінің әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:

  • тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командашысы;
  • тактикалық танк әскерлерінің командашысы;
  • тактикалық артиллерия командашысы;
  • тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы;
  • тактикалық инженерлің әскерлерінің командашысы;
  • тәрбиелеу құрылымдарыныі командашысы;
  • тактикалық сауыттанк әскерлерінің командашысы;
  • тактикалық азық түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
  • тактикалық киім кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
  • жанар жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы
  • тактикалық әуе десант әскерлерінің командашысы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер