“Балдыз”

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Балдыз”қыздар биі. Құрманғазының “Қызыл қайың” күйінің сүйемелімен орындалады. Музыкалық өлшемі 4/4. Орташа екпінді “Балдыздың” мазмұны халықтың тұрмыс-салтынан алынған. “Балдыз” қыздардың тал шыбықтай майысып, сызылған ибалы жүріс-тұрысы мен сыпайы мінезін бейнелейтін музыкалы би. Биді қойған балетмейстер Д. Әбіров. 1953 жылы Алматы хореография училищесінің оқушылары Мәскеуде өткен бүкілодақтық би мектептерінің байқауында орындады. “Балдыз” биі көркемөнерпаздар үйірмесінің, би ансамбльдерінің репертуарынан тұрақты орын алды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:“Балдыз”|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}