Өтепқали Тәжіғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тәжіғалиев Өтепқали (1932, Атырау облысы Доссор кенті – 1986) – инженер, Қазақ КСР-і мұнай-газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері. Мәскеу мұнай институтын бітірген (1954). 1954 – 1986 жылдары Байшонас кәсіпшілігінде мұнай өндіру телімінің мастері, Маңғыстау мұнай-газ өндіру бірлестігі жүйесінде мұнайды тасымалдау және сақтау жөніндегі өндірістік бөлім бастығы, мұнай-газ айдау магистральды басқармасының бастығы, Өзен мұнай өндіру басқармасының бас инженері, Маңғыстау газ өндіру басқармасының бастығы болды. «КСРО өнертапқышы» медалінің иегері, «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub