Өтеміс Уәлиұлы Мырзағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтеміс Уәлиұлы Мырзағалиев 1956 жылы 12 қазанда Гурьев облысы Теңіз ауданының Лобай ауылында туған. Қазақ. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1979) зооинженер мамандығы бойынша; Ресей әлеуметтік-саяси институтын (Мәскеу қаласы, 1991) әлеуметтанушы-саясаттанушы мамандығы бойынша; Менеджмент және маркетинг институтын (Атырау қаласы, 2002) менеджер-экономист мамандығы бойынша бітірген. қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1979 жылдың қазанынан - Орал облысы Орда ауданының «Орда» кеңшарында №4 бөлімше зоотехнигі, 1981 жылдың қазанынан - аға зоотехнигі, 1982 жылдың шілдесінен - №4 бөлімше басқарушысы, 1983 жылдың шілдесінен - №1 бөлімшенің аға зоотехнигі. 1985 жылдың маусымынан - Орал облысы Орда ауданының Т. Масин атындағы кеңшарында аға зоотехник, 1986 жылдың сәуірінен - бас зоотехник, 1987 жылдың қаңтарынан - партия комитетінің хатшысы. 1989 жылдың қыркүйегінен - жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (Вильнюс қаласы, Литва КСР-і). 1990 жылдың қыркүйегінен - Ресей әлеуметтік-саяси институтының студенті. 1991 жылдың тамызынан - Орал облысы Орда аудандық Халық дөпутаттары кеңесінің істер басқарушысы. 1992 жылдың наурызынан -Орал облысы Орда ауданының әкімшілігінде істер басқарушысы, әкімшілік аппаратының жетекшісі. 1996 жылдың наурызынан - БҚО Орда ауданы әкімдігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың маусымынан - БҚО Орда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы. 1999 жылдың ақпанынан - БҚО Орда ауданы әкімінің орынбасары. 2000 жылдың тамызынан - Атырау қаласының Мемлекеттік аумақтық жылжымайтын мүлік жөніндегі комитетінің бөлім меңгерушісі. 2002 жылдың ақпанынан - БҚО әкімінің аппаратында ұйымдастыру- бақылау жүмысы бөлімінің бас инспекторы. 2003 жылдың наурызынан - БҚО Бөкейорда ауданының әкімі. 2008 жылдың мамырынан бері - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған (2008). Мәдениет қайраткері (2005). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - «Оң көзқараста, кез келген конфессияның сенушілерін құрметтеймін». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, экономикалық дамыған, тұрақты саяси жағдайға ие мемлекет». Хоббиі - көркем тарихи әдебиет оқу; қазақ композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтектің күйлері. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Мырзағалиева Әсем Қанатбайқызы, Қ. Сәтбаев атындағы ОМ мұғалімі. Ұлдары - Мырзағалиев Азат, Уәли Мейрамбек.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub