Өтеген Күмісбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтеген Күмісбаев (20.5.1939 жылы туған, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы) – ақын, филология ғылымдарының докторы (1990).

ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде (1963–69), КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында (1969–74) қызмет атқарған. 1974 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылылми қызметкер, ҚазҰУ-де оқытушылық қызметте болды.

1989 жылы «ХІХ–XX ғғ. қазақ және парсы әдеби байланыстары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. Поэзия, проза және аударма (Ә.Х.Дехлеви, М.Рыльский, Р.Ғамзатов, Қ.Күлиев, В.Рождественский) саласында жемісті еңбек еткен. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997]), т.б. монографиялары жарияланды. Күмісбаев 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, белорус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан журналистер одағы сыйлығын алған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

  • Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964;
  • Алақан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966;
  • Менің кішкентай үйрегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
  • Жапырақтар түсіп жатыр. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1969;
  • Ақбота. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;
  • Ақ шолпан. Өлеңдер, поэмалары., «Жазушы», 1974;
  • Ауыл дап шыққан жол. Әңгімелер. «Жазушы», 1975;
  • Горный кумыс. Стихи. М., «Советский писатель», 1976;
  • Степная рапсодия. Стихи. М., «Советский писатель», 1983;
  • Екі перне. Сын. А., «Жазушы», 1980;
  • «Тұрмағамбет ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны». Монография. А., «Наука», 1982;
  • Ортақ арна. Сын. А., «Жазушы», 1985;
  • Казахская поэзия и Восток. Монография. А., 2000;
  • Иран әдебиетінің тарихы. Монография. А., 2002.

Дереккөздер

<references/>