Өрлік халық театры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өрлік халық театры — 1966 жылы құрылды. Орта мектептің мұғалімі А.Ибрашевтің жетекшілігімен Өрлік ауылдық клубында жұмыс жасайтын драма үйірмесі мүшелері сол жылы облыстық байқауда драматург А.Шамкеновтың “Адасқан қаз” атты 3 актілы пьесасын қойып “Халық театры” атағын жеңіп алды.

Театрдың алғашқы режиссері С.Қостанаев болса, суретші қызметін Б.Қабышев атқарды, кейін ол режиссер болды. Құрылғаннан бері театр 74 спектакль қойды. Олардың арасында белгілі драматург-жазушылар Қ.Байсейітовтың, Қ.Шаңғытбаевтың, Қ.Мұқанбетжановтың, Т.Ахтановтың, Ш.Құсайыновтың т.б. шығармалары бар.

Театрдың белсенді 8 актері республикалық, 12-сі облыстық байқаулардың лауреаттары атанған. Театр 1965, 1975, 1990, 1995 ж. театр байқауларына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды.<ref>Индер ауданы, «Арыс» баспасы Алматы, 2006 ISBN 9965-17-273-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер