Өмірхан Әбдіманұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өмірхан Әбдіманұлы (3.3.1953 жылы туған, Жамбыл облысы, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы) – филологикалық ғылыми докторы (2007). Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1982), ҚазҰУ-дың аспирантурасын (1991) бітірген. «Жезқазған туы» газетінде әдеби қызметкер (1983), ҚазҰУ-да оқытушы (1991–1993), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Әбдіманұлы қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосты.
Шығармалары:
- Ахмет Байтұрсынұлы, А., 2007;
- Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея, А., 2007.
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>