Әшірбек Төребайұлы Сығай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әшірбек Төребайұлы Сығай (Сығаев) (11.1.1947 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. - 28.11.2014) - театр сыншысы, аудармашы, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Кентау, Түркістан қалаларының, Онтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Өмір жолы

Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1969).

  • 1974 - 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы,
  • 1978 - 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі,
  • 1979 - 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мөдениет белімінде нұсқаушы,
  • 1983 - 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары,
  • 1989 - 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры,
  • 1991 - 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарған.
  • 1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану факультетінің профессоры.
  • 2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы каласындағы өкілі.

Кітаптары

Әшірбек Сығай келесі кітаптардың авторы:

  • "Іңкәр шақ" (1978)
  • "Сыр сандық" (1981)
  • "Сахнаға сапар" (1990)
  • "Жарнама алдындағы ой" (1993)
  • "Сахна саңлақтары" (1998; Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 2000),
  • "Театр тағылымы" (2003)
  • "Толғам" (2004),
  • "Талдықорған театры" (2005), т.б. .

Аудармалары

Әшірбек Сығай В.И. Ежовтың "Бұлбұлдар түні", О.Ш. Иоселианидің "Арбаң аударылғанша", Ж.Б. Мольердің "Еріксіз үйлену", К.Гольдонидің "Күлкілі оқиға", Ш.Роквидің "Мазасыз әжей", т.б. шығармаларды аударған.

Марапаттары

Әшірбек Сығай Кентау (1997) және Түркістан (2001) қаларының, Онтүстік Қазақстан облысының (2014) құрметті азаматы.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000). "Құрмет" орденімен марапатталған (2004).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Әскери атағы - аға лейтенант.

Сүйіп оқитын әдебиеті - У.Шекспир, драмалар.

Үйленген. Жұбайы - Сығай Күләш Дулатбекқызы, үй шаруасымен айналысады. Балалары-Төребай Қанат (1971 жылы туған),Сұңғат (1974 жылы туған), Нұрзат (1985 жылы туған). Немерелері - Ділда (1995 жылы туған), Бахтияр (2005 жылы туған), Бектияр (2007 жылы туған), Іңкәр (2009 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Деректі фильм

2014 — ”Әшірбек Сығай - СЫН САРДАРЫ” (фильм) режиссері: “Қалила Умаров” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}