Әуесқой театр өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әуесқой теат р өнері - театр өнері саласындағы көркем-өнерпаздық шығармашылығының бір түрі. Қазақ топырағындағы театр өнерінің алғашқы нышандары күнделікті шаруашылық қамымен, көшпеңді тірліқтің дәстүрлі ойын-сауық түрлерімен біте қайтасын белгілі дәрежеде солардың рухани және көркем жинағы, көрінісі ретінде дүниеге келді. Үйлену тойында айтылатын "Жар-жар", "Сыңсу", "Беташар", "Қоштасу", т.б. әндер, өлеңдер және күйеудің қыз ауылына келгендегі әр түрлі салтжоралары бірігіп, өмірдің біртұтас драмалық, кейде қомедия. спектакліне айналатын. Ертеден халық арасына кең тараған, оның эстетикалық көңіл-күйінен хабар беретін айтыс өнеріде, жыршы, жыраулар өнері де қазақ халқының лиро-эпостық дүниетанымының бір бөлшегін құрады. 20 ғасырдың басында Орал, Семей, Ақмола, Ақмешіт (Қызылорда), Қостанай қалаларында құрылған әуесқой ойын-сауық үйірмелері де республикадағы Әуесқой театр өнерінің қалыптасуына жағдай жасады. 1915 жылы Атбасар қаласында өткен сауық кешінің бірінде "Халық тойы" деген атпен шағын ойын қойылды. Оның көркемдік бітіміне қарағанда этногров мәні басым болды. Сондай-ақ, 1915 жылы Семейде өткен ойын-сауық қешінде "Біржан - Сара" айтысының сахнаға арналған түрі Қойылды. "қызыл отау", "Қызыл бұрыштардың" Әуесқой театр өнерінің қалыптасуына ықпалы мол болды. Алғашында қулардың, бақсының, ақын, сал-серілердің машықтарын оңтайлы пайдаланған Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, т.б. халық арасынан шығып, актерлік өнердің қыр-сырынтанып, кәсіби актер дәрежесіне жетті. Қазақ саяси-ағарту басктінің көркемдік бөлімі ұйымдастырған "Қызыл керуен" (1918, Ақмола мен Қостанай), "Орталық қазақ комсомолдары һәм оқушы жастар клубы" (1923, Орынбор) және Семей қалаларның (1920) драма труппалары - М.Әуезовтің "Еңлік - Кебегі", "Бәйбіше - тоқалын", Ж.Шаниннің "Арқалық батырын", Қ.Кемеңгеровтің "Бостандық жемісі" , И.Меңдіхановтың "Малдыбай", "Үйшік-үйшігін", Е.Ерданаевтың "Малқамбайын",т.б.пьесаларды сахнаға шығарды. Әуесқой театр өнері. саласы кейінгі жылдары қайта өркендеп келеді. Республикадағы драма ұжымдары көбінесе алыс аудан, облыс еңбекшілерінің алдында ойын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}