Әуезовтің оңтүстік өлкесіне сапары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Writer Әуезовтің оңтүстік өлкесіне сапары - Қазақ әдебиетін әлемдік биікке көтерген Мұхтар Әуезовтің «Оңтүстік сапарлары» жазушының өмірі мен шығармалары қызметінде көрнекті орын алады. Шығармаға өзек болатын халық өмірінен тың материалдар жинау мақсатын көздеген ғұлама қаламгер өмірінің соңғы кезеңінде 1959 жылы, 1960 – 1961 жылдары Оңтүстік өлкесіне үш рет сапар шекті. Бұл сапарларында жазушы Шаян, Созақ, Түркістан, Қызылқұм, Бөген, Ленгір, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында және Кентау мен Шымкентте болып, ел мен жер табиғатын, тау мен дала өңірін мекендеген халықтың өткені мен бүгінін зерттеді, жас өскін, зиялы қауым өмірімен танысты. Жас қаламгерлермен, өнерлі қауыммен кездесулер өткізді. Жазушы күнделігінде кең қамтылған сапарлары кезінде туындаған (үлкен шығарманың алғышарты ретінде) «Оңтүстік сапарынан» атты көлемді очерктерін (жолжазбалары) «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінде жариялады. Осы үлкен дайындықпен Ыстықкөлдегі «Шолпан ата» мекен-жайында жазуға кіріскен жаңа романын жазушы аяқтай алмады. Шығарманың алғашқы тараулары (жоба ретіндегі бастапқы стенографиялық нұсқасы) қайтыс болғаннан кейін «Өскен өркен»Племя младое») деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шықты.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

  • Қорғансыздың күні, Орынбор, 1921;
  • Еңлік — Кебек, Орынбор, 1922;
  • Әдебиет тарихы, Қ-о., 1927;
  • Қилы заман, Қ-о., 1928;
  • Көк кашкыр (Көксерек), Фрунзе, 1928;
  • Абайдың толық шығармалар жинағы, құрастырушылар: М. Әуезов, І. Жансүгіров, А., 1933;
  • Тастүлек. Пьеса мен әңгімелер жинағы, А., 1935;
  • Ескілік көлеңкесінде. Әңгімелер жинағы, А., 1936;
  • Абай. Трагедия, М., 1941;
  • Абай. Тарихи роман, 1-кітап, А., 1942, 1948, 1953, 1955 (орыс тілінде: Абай. Роман, кн. 1, М., 1945, 1948, 1949, 1950, 1951, 1955, 1957, 1958);
  • Абай. Тарихи роман, 2-кітап, А., 1947, 1949, 1953, 1955, (орыс тілінде: Абай. Роман. кн. 2, М., А., 1948, 1949, 1950, 1955, 1957, 1958);
  • Ақын аға. Роман, А., 1950;

Сілтеме

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}