Әсет Көпбайұлы Бейсеуов
Үлгі:Музыкант Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13 қазан 1938 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы – 20 наурыз 1996 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991).
Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
- Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960).
- 1961–1964 жылдары Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім
- 1964–1966 жылдары Мәдениет үйінде қызметкер
- 1966–1967 жылдары Есік музыка мектебінде мұғалім
- 1967–1968 жылдары Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.
- 1969–1974 жылдары «Гүлдер» ансамблінде
- 1974–1980 жылдары Қуыршақ театрында қызмет істеді.Үлгі:Citation needed
Шығармашылығы
Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (Сұлтанәлі Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Әділбек Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), кинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні», т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.
Марапаттары
Бейсеуов — Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).<ref>Үлгі:Кітап</ref>